Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкенттегі автосервисте өрт шығып, екі жұмысшы зардап шекті • Жамбыл облысында сотталушыға тыйым салынған заттар беру әрекетінің жолы кесілді • Тасжолдағы ауыр жол-көлік оқиғасы: екі адам қаза тапты, он жолаушы жарақат алды • Үндістандағы діни мерекеде 17 адам қаза тапты • Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты • Талдықорған әкімі Ұлттық ұлан бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті • Шымкенттегі автосервисте өрт шығып, екі жұмысшы зардап шекті • Жамбыл облысында сотталушыға тыйым салынған заттар беру әрекетінің жолы кесілді • Тасжолдағы ауыр жол-көлік оқиғасы: екі адам қаза тапты, он жолаушы жарақат алды • Үндістандағы діни мерекеде 17 адам қаза тапты • Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты • Талдықорған әкімі Ұлттық ұлан бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті •

    «Туға қыз зорлаған»: Бауыржан Ибрагимов актер Нұржан Төлендиевті түрмеден құтқару үшін ондаған мың доллар берген (ВИДЕО)

    «Туға қыз зорлаған»: Бауыржан Ибрагимов актер Нұржан Төлендиевті түрмеден құтқару үшін ондаған мың доллар берген (ВИДЕО)

    Фото: instagram.com/ibragimov_baurzhan_official

    «Бауыржан шоу» театрының жетекшісі Бауыржан Ибрагимов «Talklike» бағдарламасында Нұржан Төлендиевке (Тука) қатысты ел арасында көп талқыланған оқиғаға пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Бұған дейін жұрт арасында «Ибрагимов 35 мың доллар төлеп, Туканы түрмеден алып шыққан» деген әңгіме тараған болатын.

    Актер мұндай ақпаратты жоққа шығарғанымен, Туканы арашалап қалғанын растады. Оның айтуынша, өзін зорлады деп айыптаған қыздың ақша бопсалаумен айналысатынын білген.

    «Мен оны қорғап алып шыққаным рас. Туканы айыптаған қыздың ақша бопсалаумен айналысатынын анықтадым. Ол соның құрбаны болды. Қызды қашып бара жатқан жерінен тоқтатып, арызын қайтарып алғыздым. Өнердегі бауырым, жақсы актер болған соң қолдау көрсеткім келді», – деді Бауыржан Ибрагимов.

    Еске салайық, бірнеше жыл бұрын Нұржан Төлендиев қыз зорлады деген дауға ілініп, кейін бұл айыптауды жоққа шығарған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →