Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әсел Жанасова вице-премьер – көлік министрі болып тағайындалды • Ақтөбеде неке сарайына келген 26 жастағы келіншекті бұрынғы күйеуі пышақтап кетті • Алмалы сотында «ҚазТрансГаз» бұрынғы қаржы директорының айғақтары тыңдалды • Қонаевта сот ғимаратының есігін сындырып, балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды • Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады • Наташа Қалымбетова АҚШ-та қызымен қауышып, ДНҚ туыстығын растады • Әсел Жанасова вице-премьер – көлік министрі болып тағайындалды • Ақтөбеде неке сарайына келген 26 жастағы келіншекті бұрынғы күйеуі пышақтап кетті • Алмалы сотында «ҚазТрансГаз» бұрынғы қаржы директорының айғақтары тыңдалды • Қонаевта сот ғимаратының есігін сындырып, балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды • Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады • Наташа Қалымбетова АҚШ-та қызымен қауышып, ДНҚ туыстығын растады •

    Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды

    Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды

    Фото: Павлодар облыстық ПД

    Павлодар облысында көліктер соқтығысып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Оқиға 19 маусымда «Омбы – Майқапшағай» автожолында болған. Тас жолда Changan және Skoda Rapid маркалы көліктері соқтығысқан. Салдарынан Skoda көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

    Екінші автокөліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

    Автокөліктер мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

    «Полиция департаменті осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдық режимін бұзбауды, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде сақ болуды және көлік құралдарының техникалық жағдайын тұрақты бақылауда ұстауды ескертеді», – делінген ПД хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →