Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әсел Жанасова вице-премьер – көлік министрі болып тағайындалды • Ақтөбеде неке сарайына келген 26 жастағы келіншекті бұрынғы күйеуі пышақтап кетті • Алмалы сотында «ҚазТрансГаз» бұрынғы қаржы директорының айғақтары тыңдалды • Қонаевта сот ғимаратының есігін сындырып, балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды • Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады • Наташа Қалымбетова АҚШ-та қызымен қауышып, ДНҚ туыстығын растады • Әсел Жанасова вице-премьер – көлік министрі болып тағайындалды • Ақтөбеде неке сарайына келген 26 жастағы келіншекті бұрынғы күйеуі пышақтап кетті • Алмалы сотында «ҚазТрансГаз» бұрынғы қаржы директорының айғақтары тыңдалды • Қонаевта сот ғимаратының есігін сындырып, балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды • Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады • Наташа Қалымбетова АҚШ-та қызымен қауышып, ДНҚ туыстығын растады •

    Оралдың қақ ортасындағы ашық қалған люк: Жауаптылар кімнің өлімін күтіп отыр?

    Оралдың қақ ортасындағы ашық қалған люк: Жауаптылар кімнің өлімін күтіп отыр?

    Фото: видеодан скрин

    Оралда Мәншүк Мәметова көшесіндегі мына көрініс — бүгінгі атқарушы биліктің халық қауіпсіздігіне деген нақты көзқарасы. Жол жиегіндегі ашық қалған кәріз құдығының аузына қисайған темірді тастай салған.

    Жаяу жүргінші түгіл, зымыраған көлікті де орға жығатын бұл аранның тұрғанына үш айдан асқан. Жергілікті жұрт бірнеше көліктің бұл темірді басып, зақымдалғанын айтып шырылдап отыр.

    Ең сорақысы — Орал қаласының әкімдігі бұл масқараны көрмегенсіп отырған сыңайлы. Сонда міндетін атқара алмайтын шенеуніктерге мінсіз бюджет не үшін бөлінеді? Күн сайын бала-шаға өтетін орталық көшедегі бұл немқұрайлылық қашанғы жалғаса бермек? Құзырлы органдар қайғылы жағдай орын алып, біреудің қаны төгілмей тұрып, бұл мәселені дереу шешуі тиіс. Билік селт етпесе, халықтың ашуынан қорқуы керек.

    Видео: @nurbolat07real

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →