Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әсел Жанасова вице-премьер – көлік министрі болып тағайындалды • Ақтөбеде неке сарайына келген 26 жастағы келіншекті бұрынғы күйеуі пышақтап кетті • Алмалы сотында «ҚазТрансГаз» бұрынғы қаржы директорының айғақтары тыңдалды • Қонаевта сот ғимаратының есігін сындырып, балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды • Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады • Наташа Қалымбетова АҚШ-та қызымен қауышып, ДНҚ туыстығын растады • Әсел Жанасова вице-премьер – көлік министрі болып тағайындалды • Ақтөбеде неке сарайына келген 26 жастағы келіншекті бұрынғы күйеуі пышақтап кетті • Алмалы сотында «ҚазТрансГаз» бұрынғы қаржы директорының айғақтары тыңдалды • Қонаевта сот ғимаратының есігін сындырып, балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды • Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады • Наташа Қалымбетова АҚШ-та қызымен қауышып, ДНҚ туыстығын растады •

    Қазақстандағы амнистия: мерзімінен бұрын бостандыққа шығатын қылмыскерлердің санаты белгілі болды

    Қазақстандағы амнистия: мерзімінен бұрын бостандыққа шығатын қылмыскерлердің санаты белгілі болды

    Фото: depositphotos.com

    Қазақстанда жоспарланып отырған қылмыстық және әкімшілік амнистияға кімдер ілігуі мүмкін екені белгілі болды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

    Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Мемлекет басшысы амнистия жүргізу бастамасын көтерген. Ведомство бұл шешімнің негізгі мақсаты – жазаны жұмсарту емес, қоғамға қауіптілігі төмен құқық бұзушыларға екінші мүмкіндік беру екенін атап өтті.

    ІІМ мәліметінше, амнистия гуманизм, әділеттілік және адам құқығын құрметтеу қағидаттарына негізделген мемлекеттік саясаттың бір бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта Мәжіліс депутаттары жекелеген санаттағы құқық бұзушылықтарға қатысты амнистия туралы заң жобасын әзірлеп жатыр. Құжатты талқылау жұмысына ІІМ де басқа мемлекеттік органдармен бірге қатысуда.

    Айта кетейік, амнистия қылмыстық та, әкімшілік те құқық бұзушылықтарға қатысты қолданылады. Тәуелсіз Қазақстан тарихында әкімшілік амнистия алғаш рет өткізілуі мүмкін. Қылмыстық амнистия негізінен қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыс жасаған азаматтарға қолданылады. Сондай-ақ ауырлығы орташа қылмыстар бойынша сотталғандар да амнистияға ілігуі мүмкін. Бұл ретте келтірілген залалдың өтелуі немесе оның болмауы басты шарттардың бірі болады. Сонымен қатар жекелеген санаттағы сотталғандардың жазасы қылмыс ауырлығына және олардың мінез-құлқына қарай қысқартылуы мүмкін. ІІМ бұл бастама гуманизм қағидаттарын күшейтіп, «Заң және тәртіп» идеологиясымен үйлесетінін атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →