Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды •

    Өскеменде жоғалған 3 жасар балаға қатысты ақпар шықты

    Өскеменде жоғалған 3 жасар балаға қатысты ақпар шықты
    Фото: ШҚО ПД

    17 маусым күні сағат 17:19-да «102» жедел арнасына Өскемен қаласының тұрғынынан үш жасар немересінің жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпарат порталы. 

    Өтініш иесінің айтуынша, бала үй ауласында оның қарауында ойнап жүрген, алайда бір сәтте байқаусызда белгісіз бағытқа кетіп қалған. Өз бетімен іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң, әйел адам полициядан көмек сұраған.

    Хабарлама түскен бойда полицияның жеке құрамы баланы іздеуге бағытталды. Іздестіру іс-шараларына «Буран-20» экипажы – полиция аға лейтенанты Бақытбек Айдын мен қатардағы қызметкер Азат Әшімов дереу кіріскен.

    Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында бала үйінен шамамен бір жарым шақырым жерден табылған. Бала зардап шекпеген және медициналық көмекті қажет етпеді.

    Барлық жағдай анықталғаннан кейін бала аман-есен туыстарына қайтарылды. Әжесі тәртіп сақшыларының кәсібилігі, жеделдігі мен көрсеткен жанашырлықтары үшін шынайы алғысын білдірді.

    Полиция ата-аналар мен заңды өкілдеріне жас балаларды үнемі бақылауда ұстау қажеттігін еске салады. Тіпті, қысқа мерзімге қараусыз қалдырудың өзі қауіпті жағдайға әкелуі мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →