Басты бет » 2026. 06. 26: Қайталанбас датада елімізде 4 мыңнан астам жұп шаңырақ көтермек

2026. 06. 26: Қайталанбас датада елімізде 4 мыңнан астам жұп шаңырақ көтермек

Фото: depositphotos.com

Елімізде 4 мыңнан астам жұп некеге 2026 жылғы 26 маусымда тұрғысы келеді, деп хабарлайды 24.kz-ке сілтеме жасаған Qazaqtoday.info.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, биылғы жылдың ең сұранысқа ие «әдемі күндерінің» біріне – 26.06.2026 күніне некені мемлекеттік тіркеуге өтініш қабылдау 11 маусым, бейсенбі күні аяқталған.

«Дәстүр бойынша ерекше цифрлар үйлесімі бар күндер болашақ жұптар арасында жоғары сұранысқа ие болады. 26.06.2026 әдемі күніне некені тіркеу үшін 4 мыңнан астам өтініш түсті», – делінген хабарламада.

Мемлекеттік корпорацияның дерегінше, ең белсенді өңірлер еліміздің үш ірі мегаполисі болды: Алматы қаласы – 830 өтініш Астана қаласы – 740 өтініш Шымкент қаласы – 141 өтініш

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика