Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тоқаев көлік министрін ауыстырды: Әсел Жанасова вице-премьер де болды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тоқаев көлік министрін ауыстырды: Әсел Жанасова вице-премьер де болды •

    Солтүстік Қазақстанда 5 адам бас бостандығынан айырылды

    Солтүстік Қазақстанда 5 адам бас бостандығынан айырылды
    Фото: gov.kz

    Солтүстік Қазақстан облысында алаяқтарға банк шоттарын тауып беріп, қылмыстық схемаға қатысқан 20–25 жас аралығындағы бес тұрғын сот үкімімен кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер өткен жылдың шілде айында ұсталған. Жиналған материалдар олардың интернет-алаяқтықтың 31 эпизодына қатысы барын анықтаған.

    Алаяқтар шетелден қоңырау шалып, өздерін ұялы байланыс операторларының немесе банк қызметкерлерінің өкілі ретінде таныстырған. Олар азаматтарды әртүрлі сылтаумен SMS арқылы келген кодтарды айтуға көндіріп отырған.

    Кейін қылмыстық топтың өзге мүшелері жәбірленушілерді қаражаттарына қауіп төніп тұрғанына сендіріп, олардың атына ірі көлемде несие рәсімдеткен және ақшаны «қауіпсіз шоттарға» аудартқан.

    Бұл шоттар дроптардың атына ашылған болып шықты. Қаражат сол шоттар арқылы шетелге шығарылып отырған. Ал дроптарды іздеп тауып, оларды схемаға тартқан топ мүшелері әр транзакциядан пайыз алып отырған.

    Сот үкімімен айыпталушылар 2 жылдан 6,8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сот жәбірленушілердің талаптарының бір бөлігін қанағаттандырып, сотталғандарды келтірілген залалды өтеуге міндеттеді. Бір жағдайда залал 22 млн теңгеден асқан. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →