Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті •

    Индонезияда 6,7 балдық жер сілкінісі болды

    Индонезияда 6,7 балдық жер сілкінісі болды
    Фото: kaz.inform.kz

    Индонезияда сейсенбі күні магнитудасы 6,7 болатын жер сілкінісі тіркеліп, кейін бірқатар күшті афтершоктар болғаны хабарланды Qazaqtoday.info порталы.

    Euronews мәліметінше, билік тұрғындарды ресми ескертулерге құлақ асып, сақ болуға шақырды. Мамандардың айтуынша, қайталама дүмпулер бірнеше сағатқа созылуы мүмкін.

    Жерасты дүмпулері шамамен 400 мың тұрғыны бар Палу қаласында бір минуттан астам уақыт сезілген. Қала – Орталық Сулавеси провинциясының әкімшілік орталығы.

    Алдын ала мәліметке сәйкес, бірқатар ғимараттарда жарықтар пайда болған, Сиги округі әкімшілік ғимаратының төбесі құлап, жергілікті университет ғимараты да зақымданған. Қауіпсіздік мақсатында ауруханалардан науқастар сыртқа шығарылған.

    АҚШ Геологиялық қызметі алғашқы сілкіністің эпицентрі Палудан шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 46 шақырым жерде, шамамен 10 шақырым тереңдікте орналасқанын мәлімдеді. Ең күшті афтершоктардың магнитудасы 5,2, 5,0 және 4,9 болған.

    Индонезия сейсмикалық белсенді аймақта орналасқандықтан, мұнда жер сілкінісі мен жанартау атқылауы жиі тіркеледі. Бұған дейін 2021 жылдың қаңтарында Индонезияның Сулавеси аралындағы Мамуджу қаласы маңында магнитудасы 6,2 болатын күшті жер сілкінісі тіркеліп, кемінде 100 адамның өмірін қиды. Табиғи апаттан кейін мыңдаған тұрғын қайталама дүмпулерден қауіптеніп, бірнеше күн бойы ашық аспанда түнегені хабарланды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →