Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Орыс жігіті Мұқағалидің өлеңін жатқа оқып, көпті тәнті етті

    Орыс жігіті Илья Мұқағали Мақатаевтың өлеңін жатқа оқып, әлеуметтік желіде талқыланып жатыр. Оның қазақ тіліне деген сүйіспеншілігі көпшілікті тәнті етті.

    Орыс жігіті Мұқағалидің өлеңін жатқа оқып, көпті тәнті етті

    Сурет: sn.kz

    Әлеуметтік желілерде Илья есімді жігіттің видеосы қызу талқыланып жатыр. Ол той қонақтарын қазақ тілінде еркін сөйлеуімен ғана емес, ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңін жүрекке жетер әсерлі мәнерде оқып беруімен де тәнті етті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Желі қолданушыларының айтуынша, алғашында көпшілік өз құлағына өзі сенбеген. Көптеген адам оның таза әрі анық сөйлеу мәнерін, қазақ мәдениетіне деген құрметін және тілге деген шынайы сүйіспеншілігін ерекше атап өтті. Пікірлерде: «Кейбір қазақтар да бұлай сөйлей алмайды», «Нағыз мақтаныш», «Біздің төртінші жүзіміз – Орыс жүзі» деген жазбалар қалдырылған.

    Пайдаланушылардың мәліметінше, Илья балалар үйінде тәрбиеленген, бірнеше тілді меңгерген және ұшқыш мамандығында білім алып жүр. Алайда көпшіліктің жүрегін жаулағаны – оның қазақ мәдениетіне деген шынайы ықыласы болды.

    Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілдің ұлты мен шыққан тегіне қарамастан барлық азаматты біріктіретін маңызды құндылық екенін бірнеше рет атап өткен. Илья өз үлгісі арқылы қазақ тіліне деген сүйіспеншілік ұлтқа емес, жүрекке байланысты екенін көрсетті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →