Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 3 тамыз 2026 $ 473,7 546,1 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Алты жасқа толып жатыр»: Ләйлә Сұлтанқызы көпшілікке қызын көрсетті Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінің 2-сатысына жайғасты Тоқаев: Жаңа технологияларды енгізуге әзірлік деңгейі бойынша еліміз Орталық Азияда көш бастап тұр Түркістанда әйел күйеуін оқтаумен ұрып, көзін ағызды Үш баласы бола тұра: Шымкентте ерлі-зайыпты 2 келіге жуық мефедронмен ұсталды Балаларды қорлау: Өскеменде халыққа ортақ ауланы құлыптап тастаған «Алты жасқа толып жатыр»: Ләйлә Сұлтанқызы көпшілікке қызын көрсетті Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінің 2-сатысына жайғасты Тоқаев: Жаңа технологияларды енгізуге әзірлік деңгейі бойынша еліміз Орталық Азияда көш бастап тұр Түркістанда әйел күйеуін оқтаумен ұрып, көзін ағызды Үш баласы бола тұра: Шымкентте ерлі-зайыпты 2 келіге жуық мефедронмен ұсталды Балаларды қорлау: Өскеменде халыққа ортақ ауланы құлыптап тастаған

    Тоқаев Дональд Трампты туған күнімен құттықтады

    Тоқаев Дональд Трампты туған күнімен құттықтады

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды  Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының президентін туған күнімен құттықтады.

    Мемлекет басшысы жеделхатта еліміз Құрама Штаттармен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін атап өтті. Сонымен қатар жоғары деңгейдегі саяси диалогқа және екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықтың даму қарқынына тоқталды, – делінген хабарламада.

    Президент Қазақстанның бейбітшілікті сақтау, өзара түсіністік пен орнықты даму бастамаларын ілгерілету бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға әзірлігін растады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа бақ-береке және АҚШ халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →