Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Астанада мопед мінген 17 жастағы жасөспірім ұсталды

    Астанада  мопед мінген 17 жастағы жасөспірім ұсталды

    Фото: ПД

    Елордада патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзып, жолақ ауыстыру кезінде бұрылыс шамын жақпаған мопед жүргізушісін тоқтатты. Мопедті 17 жастағы жасөспірім жүргізіп келе жатқан, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Патрульдік полиция қызметкерлері құжаттарды тексеру барысында мопед тізгінінде көлік құралын басқару құқығы жоқ 17 жастағы жасөспірім отырғанын анықтады.

    Кәмелетке толмаған жасөспірімнің заңды өкілдерінің қатысуымен оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

    Мопед арнайы айыптұраққа қойылды.

    Полиция департаменті көлік құралын басқару құқығы жоқ адамдардың көлік жүргізуі өздерінің де, жол қозғалысының басқа қатысушыларының да қауіпсіздігіне қатер төндіретінін еске салады.

    Ата-аналарға кәмелетке толмаған балалардың бос уақытын бақылауды күшейтіп, олардың көлік құралдарын басқаруына жол бермеу ұсынылады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →