Әкімдіктің әрекетіне халық наразы : Таразда 50 жылға жалға берілген жалғыз жағажай қараусыз қалған

Фото: видеодан скрин

Тараздағы жалғыз қалалық жағажай «Зербұлақ» көлінің бүгінгі сиқы тұрғындардың ызасын тудырып отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

Кезінде бұл аумақты жеке инвесторға 50 жылға сенімгерлік басқаруға бергенде, шенеуніктер жайлы демалыс орны мен заманауи инфрақұрылым уәде еткен еді. Алайда, уәде үйіп-төккен жергілікті биліктің «қамқорлығы» іс жүзінде мүлдем басқа сипат алды. Бүгінде халық демалатын орын иесіз қалған, шөп басқан қараусыз аймаққа айналған.

Әлеуметтік желіде наразылық білдірген жұрт көлдің айналасын қоршаған темір қоршауларды алып тастауды талап етуде. Тұрғындар «өзімізге де жоқ, өзгеге де жоқ» деп, бұл жағдайға «Жаңа Қазақстанның» сиқы осы ма деп ашынады. Халық аймақты шұғыл түрде әкімдік пен «Жасыл ел Тараз» мекемесінің теңгеріміне қайтаруды сұрап отыр.

Жеке кәсіпкерлерге сатылып кеткен жер асты ұңғымаларын да мемлекетке қайтаратын уақыт жетті. Әйтпесе, тараздықтар аптап ыстықта барар жер таппай, өз құқықтарынан толықтай айырылып отыр.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика