Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    «Қазақстан қиын кезде де керек» – танымал блогер Бибісара Асаубаеваның пікірін сынады

    «Қазақстан қиын кезде де керек» – танымал блогер Бибісара Асаубаеваның пікірін сынады

    Журналист, блогер Абзал Ибрашев Бибісара Асаубаеваның жалақы туралы пікірін сынға алды, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпарат порталы.

    Ол шахматшы Бибісара Асаубаеваның жалақы мәселесіне қатысты айтқан пікіріне өз көзқарасын білдірді.

    Ол спортшының мемлекеттік қолдау мен қаржыландыруға қатысты мәлімдемесін сынға алып, ел намысын қорғап жүрген азаматтардың ең алдымен патриоттық ұстанымды алға қоюы керектігін айтты.

    Абзал Ибрашевтің пікірінше, өзі ақпарат саласында бірнеше жылдан бері еңбек етіп келе жатқанымен, мемлекеттік органдардан қаржылай көмек сұрамаған. Оның сөзінше, Қазақстанның әр өңірін аралап, түрлі жобаларды өз қаражатына жүзеге асырып жүр.

    «Бізде патриотизм басым болуы керек. Еліміз жақсы кезде ғана емес, қиын сәтте де қолдау көрсету маңызды», – деді блогер.

    Ол сондай-ақ белгілі тұлғалардың қоғамдық пікір қалыптастырудағы жауапкершілігі жоғары екенін айтып, мұндай мәселелерде салмақты көзқарас қажет екенін жеткізді.

    Материалда блогердің жеке пікірі берілген. Бибісара Асаубаеваның бұған қатысты ұстанымы немесе жауабы жарияланған жағдайда ақпарат толықтырылуы мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →