Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сафонов «ПСЖ»-нің «Вильярреалды» 6:0 есебімен жеңген матчындағы бағасын білді • Чемпиондар лигасы: 3 қарашадағы тоғыз матчтың нәтижелері • Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Сафонов «ПСЖ»-нің «Вильярреалды» 6:0 есебімен жеңген матчындағы бағасын білді • Чемпиондар лигасы: 3 қарашадағы тоғыз матчтың нәтижелері • Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды •

    «Осымен бәрі бітті деп ойладым»: өлім аузынан қалған блогер көрген қиындықтарын айтты

    «Осымен бәрі бітті деп ойладым»: өлім аузынан қалған блогер көрген қиындықтарын айтты

    Фото: caravan.kz

    Танымал блогер Қалдықыз Жаппарқызы өлім аузынан қалғанын айтып, өміріндегі қиындықтарымен бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

    «Кейде өмір адамды үнсіз ғана құлатады екен… 2024 пен 2025 жылдар менің өмірімдегі ең ауыр, ең қараңғы кезең болды. Денемнің ауырғаны былай тұрсын, жанымның қиналғаны сондай — “біттім, өштім, енді қайтып орнымнан тұра алмаймын, осымен бәрі аяқталды” деп ойладым. Түнде жылап, таңды үмітсіз қарсы алған сәттерім аз болмады. Ішімнен Алладан тек бір ғана нәрсені — сынып кетпеуді, шыдауды сұрадым. Сабыр мен көз жасымның артында үлкен жеңіс тұрғанын ол кезде сезбедім де. Бірақ, міне жарық күн қайта туды. Мен сол түнектен аман өттім. 2026 жыл — менің қайта тірілген, қайта жарқыраған жылым. Өзімді жеңген, ауруды жеңген, тағдырға бой бермеген өзіммен мақтанамын. Егер қазір сіз де қиындықтан басыңызды көтере алмай жүрсеңіз, өтінемін, берілмеңізші. Түннің артынан міндетті түрде шуақты таң атады…», — деп жазды ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →