Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады •

    Ақсудағы масқара: ауыз суға бөлінген бюджеттің 686 миллион теңгесі далаға кеткен

    Ақсудағы масқара: ауыз суға бөлінген бюджеттің 686 миллион теңгесі далаға кеткен

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Ақсу қаласына қарасты Достық ауылының халқы төрт жылдан бері таза суға зар болып отыр. Кезінде бюджеттен 686 миллион теңге бөлініп, салтанатпен салынған су құбыры жүйесі алғашқы күннен бастап істен шыққан.

    Оған себеп — су станциясына судың мүлдем жетпеуі. Сорақысы сол, шенеуніктер мәселені уақытша шешпек болып, көрші Береке ауылының резервтік құбырын осы станцияға қоса салған. Бірақ бұл «жамау» да мәселені шешпеді, қайта сорды қалыңдата түсті.

    Бүгінде ешкім қолданбаған қымбат ауыз су сұраусыз далаға кетіп, босқа ысырап болып жатыр. Халық әр литріне ақша төлеп отырған судың иен далада көлшік болып жатқанына қараудың өзі ауыр. Төрт жыл бойы бұл масқараға неге ешкім нақты шешім қабылдамады? Жауапты тұлғалар мен атқамінерлер халықтың қаржысын далаға шашқан жауапсыздығы үшін қашан жауап береді?

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →