Сарапшы Қосшы қаласының атауын жиі жарық сөнуіне байланысты өзгертуді ұсынды

Сарапшы Қосшы қаласының атауын жиі жарық сөнуіне байланысты өзгертуді ұсынды

Мұнай-газ нарығының сарапшысы Олжас Байділдінов Ақмола облысындағы Қосшы қаласының атауын өзгерту туралы ұсыныс білдірді. Оның пікірінше, қазіргі атау жиі қайталанатын электр энергиясының өшуіне байланысты жергілікті тұрғындар арасында теріс ассоциация тудыруда, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

«Qaimaq» жобасына берген сұхбатында сарапшы бұл мәселені тұрмыстық жағдаймен байланыстырған. Ол «Қосшы» сөзінің «қосу» етістігімен үндестігін алға тартып, қыста жарық жиі сөнгенде тұрғындардың «Қосшы, тым болмаса жарықты қосып қойшы» деп қалжыңдайтынын мысалға келтірді. Байділдіновтың айтуынша, осындай келемежден арылу үшін қаланың атауын ауыстыру қажет.

Сарапшының тарихи атауды қазіргі коммуналдық мәселемен байланыстырған бұл пікірі әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, қоғамдық пікірталас тудырды. Желі қолданушыларының бір бөлігі бұл ұсынысты қолдаса, енді бірі тарихи атауды сақтап қалудың маңыздылығын атап өтті.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика