Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан 38 тауар позициясы бойынша импортты экспорттан 1,8 есе асырды • Сафонов «ПСЖ»-нің «Вильярреалды» 6:0 есебімен жеңген матчындағы бағасын білді • Чемпиондар лигасы: 3 қарашадағы тоғыз матчтың нәтижелері • Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Қазақстан 38 тауар позициясы бойынша импортты экспорттан 1,8 есе асырды • Сафонов «ПСЖ»-нің «Вильярреалды» 6:0 есебімен жеңген матчындағы бағасын білді • Чемпиондар лигасы: 3 қарашадағы тоғыз матчтың нәтижелері • Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда •

    «Асфальттың орнына тас төккен»: Ақмола облысының халқы көлігін қиратқан жолға шағымданып, әкімдікке ашуланды

    «Асфальттың орнына тас төккен»: Ақмола облысының халқы көлігін қиратқан жолға шағымданып, әкімдікке ашуланды

    Фото: видео скриншот

    Ақмола облысы Астрахан ауданына қарасты Таволжанка ауылының тұрғындары атқарушы билікке өкпелі. Себебі халық талай жылдан бері зарыға күткен жол жөндеу жұмысы сапасыз атқарылған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Лауазымды тұлғалар тегіс асфальт төсеудің орнына, ойлы-қырлы тұстарға ірі тастар мен булыжниктерді төге салыпты. Қазір бұл таспада жүру мүмкін емес, ауылдықтар «көлігімізді өз қолымызбен қиратып жатырмыз» деп ашынады.

    Салдарынан жергілікті жұрттың жүйкесі тозып, техникасы шығынға батуда. Жауапты мекемелер мен әкімдікке жасалған сансыз өтініштен әзірге еш нәтиже шықпай тұр. Тұрғындар бұл келеңсіздік қоғамда жария болған соң ғана сең қозғалар деп үміттенеді.

    Әйтпесе, тас үйіндісіне айналған жолдың азабы жақын арада бітетін түрі жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →