Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Президент Кипрді Транскаспий және Орта дәліз жобаларына атсалысуға шақырды

    Президент Кипрді Транскаспий және Орта дәліз жобаларына атсалысуға шақырды

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кипрлық серіктестерді Транскаспий дәлізі жобасына атсалысуға шақырды. Орта дәліз аясында да Қазақстанның құрлықтағы және Кипрдің теңіздегі инфрақұрылымын тиімді ұштастыруға зор мүмкіндік бары айтылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info порталы.

    – Жаңа ғана президент Никос Христодулидиспен мазмұнды келіссөз жүргіздік. Ықпалдастығымызды күшейтудің жаңа бағыттары туралы әңгімелестік. Өзара сауда-саттық көлемін арттыруға ерекше назар аудардық. Тауар айналымын ұлғайту, инвестициялық қарым-қатынасты дамыту және іскер топтардың байланысын одан әрі нығайту қажеттігін атап өттік. Бұл маңызды міндет, – деді Қазақстан Президенті Кипр президентімен келіссөздерден кейінгі БАҚ-қа мәлімдемесінде.

    Мемлекет басшысы Қазақстан-Кипр экономикалық ынтымақтастығының жол картасын әзірлеуді ұсынғанын атап өтті.

    Сондай-ақ, Үкіметаралық комиссия және Іскерлік кеңес құру жөніндегі бастамалар көтерілген. Бұл қадам бірлескен жобаларды іске асырып, өзара алыс-берісті арттыруға және бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

    – Біз логистика, қаржы, туризм, цифрлық технологиялар саласындағы өзара байланыстарымыздың келешегі зор деп санаймыз. Үкіметтерімізге осы бағыттар бойынша нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырма беруге уағдаластық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Сонымен бірге, Президент кипрлық серіктестерді Транскаспий дәлізі жобасына атсалысуға шақырды.

    – Өздеріңіз жақсы білесіздер, Кипр – әлемдік деңгейдегі теңіз алыбы саналады. Орта дәліз аясында Қазақстанның құрлықтағы және Кипрдің теңіздегі инфрақұрылымын тиімді ұштастыруға мүмкіндік зор. Бұл қадам Орталық Азия аймағы, Каспий аймағы және Жерорта теңізі арасында жаңа көпсалалы логистика жүйесін қалыптастыруға жол ашады. Сондай ақ, өзара алыс-берісімізді ұлғайтуға мүмкіндік береді, – деді Мемлекет басшысы.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →