Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 22 шілде 2026 $ 470,8 537,2 6,00
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бишімбаевтың ағасы бас бостандығына шығады Елімізде жастарды қолдау қаржылық тұрғыдан да нақты жолға қойылған – басқарма өкілімен сұхбат Қарағанды орталығында жаңа асфальт тас-талқан болып жатыр: Ауыр жүк көліктерін кім жіберді? «Көзіме шөп салды»: блогер Айым ажырасып кеткенін мәлімдеді (ФОТО) «261 келі балық аулаған»: Балқашта браконьерге қатысты үкім шықты Марокколық мигранттың қазасы: Италияда жаппай тәртіпсіздіктер басталды Бишімбаевтың ағасы бас бостандығына шығады Елімізде жастарды қолдау қаржылық тұрғыдан да нақты жолға қойылған – басқарма өкілімен сұхбат Қарағанды орталығында жаңа асфальт тас-талқан болып жатыр: Ауыр жүк көліктерін кім жіберді? «Көзіме шөп салды»: блогер Айым ажырасып кеткенін мәлімдеді (ФОТО) «261 келі балық аулаған»: Балқашта браконьерге қатысты үкім шықты Марокколық мигранттың қазасы: Италияда жаппай тәртіпсіздіктер басталды

    Футболдан ӘЧ-2026: Қазақстан уақыты бойынша ойындардың толық кестесі

    Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының толық ойындар кестесі. АҚШ, Мексика және Канадада өтетін турнир матчтарын Қазақстанда қайдан көруге болады?

    Футболдан ӘЧ-2026: Қазақстан уақыты бойынша ойындардың толық кестесі

    Сурет: tengrisport.kz

    11 маусымнан 12-не қараған түні футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты басталады. Биылғы басты футбол додасының барлық матчын қазақстандық жанкүйерлер тікелей эфирде тамашалай алады. Тарихта тұңғыш рет 48 құрама бақ сынайтын турнир АҚШ, Мексика және Канадада өтеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Жаңа форматқа байланысты турнирдегі ойындар саны да айтарлықтай көбейді. Жалпы 104 кездесу өтсе, оның 72-сі топтық кезеңге тиесілі. Әлем чемпионатының ашылу матчы Мехикодағы «Ацтека» стадионында Мексика мен ОАР құрамалары арасында өтеді. Бұл ойынның тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 11 маусым сағат 23:50-де басталып, төреші ысқырығы 12 маусымда 00:00-де соғылады.

    12 маусымда жанкүйерлерді Мексика — ОАР (00:00) және Оңтүстік Корея — Чехия (07:00) ойындары күтеді. 13 маусымда Канада — Босния және Герцеговина (00:00), АҚШ — Парагвай (06:00), Аустралия — Түркия (09:00) матчтары жоспарланған. Ал 14 маусымда Катар — Швейцария (00:00), Бразилия — Марокко (03:00), Гаити — Шотландия (06:00) және Германия — Кюрасао (22:00) кездесулері өтеді.

    Турнир кестесі келесі күндері де тартысты ойындарға толы. 15 маусым: Нидерланд — Жапония (01:00), Кот-д’Ивуар — Эквадор (04:00), Швеция — Тунис (07:00), Испания — Кабо-Верде (21:00). 16 маусым: Бельгия — Мысыр (00:00), Сауд Арабиясы — Уругвай (03:00), Иран — Жаңа Зеландия (06:00), Аустрия — Иордания (09:00). 17 маусымда алаңға Франция — Сенегал (00:00), Ирак — Норвегия (03:00), Аргентина — Алжир (06:00) және Португалия — Конго ДР (22:00) құрамалары шығады.

    18 маусымда Англия — Хорватия (01:00), Гана — Панама (04:00), Өзбекстан — Колумбия (07:00), Чехия — ОАР (21:00) ойындары өтеді. 19 маусымдағы кесте: Швейцария — Босния және Герцеговина (00:00), Канада — Катар (03:00), Мексика — Оңтүстік Корея (06:00), Түркия — Парагвай (09:00). 20 маусымда жанкүйерлер АҚШ — Аустралия (00:00), Шотландия — Марокко (03:00), Бразилия — Гаити (06:00), Тунис — Жапония (09:00) және Нидерланд — Швеция (22:00) матчтарын тамашалай алады.

    Топтық кезеңнің келесі ойындары: 21 маусымда Германия — Кот-д’Ивуар (01:00), Эквадор — Кюрасао (05:00), Испания — Сауд Арабиясы (21:00); 22 маусымда Бельгия — Иран (00:00), Уругвай — Кабо-Верде (03:00), Жаңа Зеландия — Мысыр (06:00), Аргентина — Аустрия (22:00); 23 маусымда Франция — Ирак (02:00), Норвегия — Сенегал (05:00), Иордания — Алжир (08:00), Португалия — Өзбекстан (22:00); 24 маусымда Англия — Гана (01:00), Панама — Хорватия (04:00) және Колумбия — Конго ДР (07:00) кездесулері өтеді.

    Топтық кезеңнің соңғы матчтары 25-28 маусым аралығында өтеді. 25 маусымда Швейцария — Канада (00:00), Шотландия — Бразилия (03:00), Чехия — Мексика (06:00) сияқты бірнеше маңызды ойын болады. 26-28 маусым күндері де ойындар жалғасып, плей-офф кезеңіне жолдама алған құрамалар толық анықталады.

    Футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңі 29 маусым мен 20 шілде аралығында өтеді. Ал финалдық матч 19 шілдеден 20-сына қараған түні АҚШ-тың Нью-Джерси қаласында болады.

    Қазақстанда ӘЧ-2026 матчтарын «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ ойындарды аталған телеарналардың ресми сайттарынан да тамашалауға мүмкіндік бар. Еске сала кетейік, қазіргі әлем чемпионы — Аргентина құрамасы. Лионель Месси бастаған команда бұл турнирде өз титулын қорғайды. Сондай-ақ турнир фавориттері қатарында Испания, Франция, Англия, Германия, Португалия және Бразилия құрамалары аталады.

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от FIFA (@fifa)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →