Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады

    Интим видеосы тараған шоумен «Хан Тамада» 10 тәулікке қамалды

    Ақтауда танымал шоумен Қасым Өтешев азаматтық некедегі жұбайына қатысты шығарылған қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды.

    Интим видеосы тараған шоумен «Хан Тамада» 10 тәулікке қамалды

    Сурет: smartnews.kz

    Ақтауда «Хан Тамада» лақап атымен танымал шоумен Қасым Өтешев 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты оны қорғау нұсқамасының талаптарын бұзды деп таныды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Сот материалдарына сәйкес, ағымдағы жылдың 13 мамырында полиция Өтешевке қатысты 30 тәулік мерзімге қорғау нұсқамасын шығарған. Бұл құжат бойынша оған азаматтық некедегі жұбайымен кездесуге, телефон соғуға және кез келген тәсілмен байланыс орнатуға тыйым салынған.

    Алайда 21 мамыр күні шоумен аталған шектеуді бұзып, жұбайымен тұрмыстық жанжал шығарған. Жәбірленушінің айтуынша, Өтешев оған құрбысының көзінше дөрекі сөздер айтып, абыройына нұқсан келтірген. Сот отырысында бұл жайтты куәгер де растады.

    Сотта Қасым Өтешев өзіне тағылған айыпты мойындамады. Дегенмен, сот жәбірленушінің арызын, хаттамалар мен куәгер айғақтарын негізге ала отырып, оны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 461-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Сот қаулысы 2 маусымда заңды күшіне енді, ал қамау мерзімі 22 мамырдан бастап есептеледі.

    Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде осы жұптың қатысуымен түсірілген интимдік сипаттағы бейнежазба тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →