Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    «Қазақмыс» қызметкері «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына қатысты

    «Қазақмыс» қызметкері «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына қатысты
    Фото: Қазақмыс

    30 мамыр күні «Қазақмыс» Тобы кәсіпорындарының 2100-ден астам жұмыскері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына қатысты, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпарат порталы.

    Акция бір мезгілде Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш, Қарағанды, Шу және Астана қалаларында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – су айдындарының жағалауын қоқыстан тазарту, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.

    Жұмыс Кеңгір су қоймасы, Балқаш көлі, Федоров су қоймасының жағалауларында, сондай-ақ су нысандарына және тұрғындардың демалатын орындарына іргелес басқа да аумақтарда ұйымдастырылды.

    Акция аясында қатысушылар жағалау аймағын тұрмыстық қалдықтан тазартты, санитарлық тазалау жұмысын жүргізді және жиналған қоқысты арнайы белгіленген орынға шығарды.

    Жұмысқа 25 бірлік арнайы техника жұмылдырылды және 1500 астам тазалау құралы қолданылды. Акция қорытындысы бойынша шамамен 250 тонна қоқыс жиналып, шығарылды.

    Экологиялық бастамаға «Қазақмыс» Тобы кәсіпорындарының жұмыскерлері, оның ішінде «Қазақмыс» корпорациясы, Kazakhmys Smelting, Kazakhmys Barlau, Kazakhmys Maintenance Services, Maker және басқа да кәсіпорындар қатысты.

    Компанияда атап өтілгендей, экологиялық акцияға қатысу қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады. «Қазақмыс» табиғи ресурстарды сақтауға, экологиялық жауапкершілікті арттыруға және өзіне қатысы бар өңірлерде экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы шараларды тұрақты түрде қолдап келеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →