ФИФА футбол ережелерін өзгертті: Төрешілерге жаңа құзыреттер берілді

ФИФА футбол ережелерін өзгертті: Төрешілерге жаңа құзыреттер берілді

Сурет: inform.kz

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) әлем чемпионатындағы ойындарды жылдамдату және уақыт созу әрекеттерін болдырмау мақсатында төрешілердің құзыретін кеңейтетін бірқатар жаңа ереже енгізді. Бұл өзгерістер футбол матчтарының қарқынын арттыруға бағытталған деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Жаңашылдықтардың бірі – бұрыштама соққылары мен допты ойынға қосу кезінде бес секундтық кері санақ енгізілді. Егер осы уақыт ішінде доп ойынға қосылмаса, допты енгізу құқығы қарсылас командаға өтеді. Бұл қақпашылар үшін бұрыннан қолданыстағы сегіз секундтық ереженің жалғасы іспетті. Сонымен қатар, алмастырылатын ойыншы алаңнан 10 секунд ішінде шығуға міндетті, тек жарақат алу және ерекше жағдайлар ескеріледі.

Тәртіптік шаралар да қатаңдатылды. Төрешінің шешімімен келіспей, алаңнан өз бетінше шығып кеткен ойыншы қызыл қағаз алуы мүмкін. Сондай-ақ, қарсыласымен сөзге келіп, аузын қолымен, жеңімен немесе жейдесімен жапқан футболшы дереу алаңнан қулады. ФИФА төрешілер комитетінің басшысы Пьерлуиджи Коллина мұндай әрекеттің текетірес ретінде бағаланатынын атап өтті.

VAR (бейнекөмекші төреші) жүйесінің де өкілеттіктері кеңейтілді. Енді VAR қателесіп берілген екінші сары қағазға, ереже бұзушыны анықтаудағы қателікке және дұрыс тағайындалмаған бұрыштама соққыларына араласа алады. Бұдан бөлек, стандартты жағдайлардан кейін гол соғылса немесе пенальти белгіленсе, VAR шабуылдаушы команданың доп ойынға қосылғанға дейінгі ереже бұзушылығын тексере алатын болды.

Дегенмен, ойынды жылдамдатуға бағытталған шараларға қарамастан, матчтардың жалпы ұзақтығы қысқармайды. Себебі әр таймның ортасында ойыншылардың су ішуі үшін үш минуттық үзілістер қарастырылған.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика