Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 20 қыркүйек 2026 $ 447,3 513,7 5,30
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рината Сұлтанова Азия ойындарының алғашқы күнінде алтын медаль жеңіп алды Қазгидромет: 14 өңірде төтенше өрт қаупі сақталады, найзағай мен тұман күтіледі Қазақстандық велошабандоз Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды Астанада 24 алаяқ 8 жылдан түрме жазасын алды 20 қыркүйекте Алматы мен тағы бес қалада ауа райы қолайсыз болады Азия ойындары-2026: 20 қыркүйекте қазақстандық спортшылардың толық кестесі жарияланды Рината Сұлтанова Азия ойындарының алғашқы күнінде алтын медаль жеңіп алды Қазгидромет: 14 өңірде төтенше өрт қаупі сақталады, найзағай мен тұман күтіледі Қазақстандық велошабандоз Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды Астанада 24 алаяқ 8 жылдан түрме жазасын алды 20 қыркүйекте Алматы мен тағы бес қалада ауа райы қолайсыз болады Азия ойындары-2026: 20 қыркүйекте қазақстандық спортшылардың толық кестесі жарияланды

    Арқа жұрты қазақтың Қыз Жібегіне ақ боз ат мінгізді

    Арқа жұрты қазақтың Қыз Жібегіне ақ боз ат мінгізді

    Фото: Видеодан скрин

    Ұлытау облысының тұрғындары қазақ кино өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешоваға ерекше құрмет көрсетті, деп хабарлайды  Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Көпшілікке «Қыз Жібек» фильміндегі Жібек бейнесі арқылы кеңінен танылған өнер иесі Жаңаарқа ауданында өткен республикалық «Арқа аруы» байқауының құрметті қонағы болды.

    Аталған мәдени шараны Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай өмірден өткен жары Ақмарал Әлтайдың рухына арнап ұйымдастырған. Байқауға Жаңаарқа өңірінен шыққан белгілі азаматтар қатысып, олардың қатарында Қанат пен Света Айтбаевтар, тележүргізуші Динара Сәтжан да болды.

    Салтанатты іс-шара барысында Ұлытау жұртшылығы қазақ өнерінің майталманы Меруерт Өтекешоваға ұлттық дәстүрге сай құрмет көрсетіп, ат мінгізді. Бұл игі қадам жиналған қауым тарапынан зор қолдауға ие болып, өнерге және оның көрнекті өкілдеріне деген халықтың шынайы ықыласының көрінісі ретінде бағаланды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →