Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Алматыда Мұхтар Шахановтың 40 күндік асы өтті

    Алматыда Мұхтар Шахановтың 40 күндік асы өтті

    Коллаж:  politico.kz

    Бүгін, 30 мамырда Алматы қаласында Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың рухына арналған 40 күндік ас берілді, деп хабарлайды  Qazaqtoday.info ақпарат порталы Politico.kz сайтына сілтеме жасап.

    Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Triumph Hall» мейрамханасында сағат 13.00-де басталған еске алу шарасына шамамен 500 адам жиналды. Асқа Роза Рымбаева, Мейрамбек Бесбаев, Асылы Осман және Сауық Жақанова сынды белгілі өнер мен қоғам қайраткерлері келді. Сонымен қатар Жазушылар одағының өкілдері, Алматы әкімінің орынбасары, театр актерлері, желтоқсаншылар мен көршілес Қырғызстаннан келген арнайы делегация марқұмның рухына Құран бағыштап, қаламгердің шығармашылық мұрасы мен ел дамуына қосқан үлесін еске алды.

    Осы жиын барысында қайраткердің зиратын қарайтып, басын көтеру ісін белгілі меценат Серікжан Сейітжанов өз мойнына алғаны көпшілікке мәлім болды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →