Коллаж: qazaqtoday.info
Танымал әнші Жанар Айжанованың қызы, актриса әрі блогер Айжұлдыз Адайбекова көпшілік алдында көз жасын тыя алмады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Өнер иесі «КешYOU» тобының 20 жылдық мерейтойлық концертіне арнайы барып, кештің қадірлі қонағы болған еді. Концерт барысында топтың «алтын құрамы» саналатын Жанар Дұғалова, Кәмшат Жолдыбаева және Айдана Меденова сахнаға шығып, белгілі композитор, марқұм Арман Дүйсеновтің әніне жазылған «Туған жер» туындысын орындады.
Ерекше тебіреніспен, жүрекке жеткізе шырқалған ән тек Айжұлдызды ғана емес, залдағы көрермендердің де көзіне жас толтырды. Көпшілік әуеннің әсерлілігі мен сағынышқа толы сәттерді сезініп, көз жасына ерік берді.
Халық алдына ұзақ уақыттан кейін шыққан үштік өнерімен тыңдармандардың жүрегін елжіретіп, концерттің ең әсерлі сәттерін сыйлады.
