«Өзіңе бекем бол»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы сотта ұлына қолдау білдірді

Коллаж: qazaqtoday.info

Атырауда қайын жұртын қатыгездікпен қырып салған Сұлтан Сәрсемәлиевтің ісін қарау бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Сот отырысына куәгер ретінде сотталушының анасы Гүлнар Азмұханова шақырылды. Ол соттың сұрақтарына жауап беруден бас тартып, судья әйелдің тергеу барысында берген жауабын оқып берді. Ал Азмұханова ол көрсетулерді толық растап, сот залынан шығар алдында ұлына тіл қатуға рұқсат сұрады.

«Бұлай болады деп ойлаған жоқпын. Тағдыр ғой. Көнесің, төзесің, күресесің. Өзіңе бекем бол. Сен бұл өмірде қуаныш көрмедің. Өмір бойы күресумен келдің. Мықты бол. Өмір үшін күрес. Мен балаларыңа олардың әкесі бар екенін айтып отырамын. Оларды жақсы азамат-азаматша етіп өсіруге уәде беремін. Қалған өмірімде бес немеремді бағып өсірсем арманым жоқ», – деді ол.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика