Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қыз зорлау дерегі»: Қайрат Нұртасқа қатысты дауға полиция мәлімдеме жасады Жамбыл облысында фосфор зауытындағы жарылыстан 26 жасар жұмысшы мүгедек болды «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қыз зорлау дерегі»: Қайрат Нұртасқа қатысты дауға полиция мәлімдеме жасады Жамбыл облысында фосфор зауытындағы жарылыстан 26 жасар жұмысшы мүгедек болды

Ақтөбеде оқушы мектепте бензин иісі бар сұйықтық ішіп қойған

Ақтөбеде оқушы мектепте бензин иісі бар сұйықтық ішіп қойған

Фото: Pixabay

Оқиға Ақтөбе облысы Қобда ауданының Исатай Тайманов атындағы гимназиясында болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

15 мамыр күні оқушы үзіліске шығып, мектептің жертөлесіне түседі. Сол кезде сұйықтықты ішіп қойған. Бұл мәселе әлеуметтік желі арқылы жарияланып, мұғалімдердің кешірім де сұрамағаны айтылды.

«Аузынан жағымсыз иіс шыққан соң апайы болған жайды сұрайды. Бала бәрін көрсетіп, айтып береді. Бірақ апайы жағдайы жақсы деп, одан әрі сабақта қалдырады. Мектеп мейірбикесіне ескертілмеген. Сабақ аяқталған соң үйіне өзінің велосипедімен қайтарып жібереді және анасына қоңырау шалып, болған оқиғаны айтып, ескертеді. Үйге келген соң бала бірнеше рет құсады. Анасы өз бетімен ауруханаға апарған. Ауруханада асқазанын жудырып, одан әрі Ақтөбедегі облыстық ауруханаға жеткізеді. Осы уақытқа дейін мектеп тұрғысынан да, білім бөлімі жағынан да ешқандай шара қолданылмай отыр. Ата- анасына барып кешірім де сұралмаған», – деп жазылған әлеуметтік желіде.

Расымен де 2019 жылы туған бала бензин иісі бар сұйықтықты абайсызда ішіп, ауруханаға жеткізілген.

«Балаға медициналық көмек дер кезінде көрсетілді. Облыстық балалар ауруханасында ем қабылдап, дәрігерлер бақылауында болғаннан кейін жағдайы тұрақталды. Қазіргі уақытта өміріне қауіп жоқ, қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында облыстық Білім басқармасы арнайы комиссия құрды», – деп хабарлады облыстық Білім басқармасы.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →