Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 28 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақшаны алма ағаштың түбін жасырған: Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап кеткен (ВИДЕО) Құрылтай төрағасының үш орынбасары сайланды Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылды Алматыда FlyArystan ұшағынан өрт шығып, бір адам зардап шекті Алматы тауларында болған тас көшкіні: екі бойжеткен қиын жағдайда қалды (ВИДЕО) Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді Ақшаны алма ағаштың түбін жасырған: Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап кеткен (ВИДЕО) Құрылтай төрағасының үш орынбасары сайланды Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылды Алматыда FlyArystan ұшағынан өрт шығып, бір адам зардап шекті Алматы тауларында болған тас көшкіні: екі бойжеткен қиын жағдайда қалды (ВИДЕО) Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді

    Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирімен ерте қоштасты

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина «Ролан Гаррос»-2026 турнирінің екінші айналымында украиналық Юлия Стародубцевадан жеңіліп, жарысты аяқтады.

    Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирімен ерте қоштасты

    Сурет: azattyq-ruhy.kz

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымында жеңіліс тауып, жарыс жолынан шығып қалды деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Дүниежүзілік рейтингте 2-орында тұрған отандасымыз екінші айналымда украиналық теннисші Юлия Стародубцевамен (WTA 55-орны) кездесті. Үш сетке созылған тартысты матч 3:6, 6:1, 6:7 есебімен украиналық спортшының пайдасына шешілді. Осылайша, Рыбакина Франция ашық чемпионатын мерзімінен бұрын аяқтады.

    Еске сала кетейік, Елена Рыбакина турнирдің алғашқы кезеңінде словениялық Вероника Эрьявецті 6:2, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңген болатын. Бұған дейін қазақстандық теннисшінің «Ролан Гарростағы» ең үздік нәтижесі ширек финал болған, ол бұл кезеңге 2021 және 2024 жылдары жеткен еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →