Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті •

    Атырау облысында аудан әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты

    Атырау облысында аудан әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты

    Фото: gov.kz

    Атырау облысында  Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Иғали жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqtoday.infoақпарат порталы.

    “Ақ Жайық” басылымының мәліметі бойынша, қайғылы жағдай бүгін таңертең болған. Ерболат Иғали жүргізушісімен бірге жұмысқа бара жатқан қызметтік автокөлік жолда аударылып кеткен. Апат салдарынан шенеунік оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші аман қалды.

    Қаралы хабарды Атырау облысының әкімдігі растады.

    — Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Айдынғалиұлы Иғалидың кенеттен қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ әріптестеріне қайғыра көңіл айтамыз, — деп хабарлады облыс әкімдігінен.

    Мәлім болғандай, келесі айда ол 46 жасқа толуы керек еді. Артында бес баласы қалды.

    Ерболат Иғали еңбек жолын жергілікті газеттің тілшісі ретінде бастаған. 2023 жылдың 30 қаңтарынан бастап Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келген.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →