Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті •

    Астанада жүк көлігі велосипед мінген баланы қағып кетті

    Астанада жүк көлігі велосипед мінген  баланы қағып кетті

    Фото: pixabay
    Астанада жүк көлігі велосипед мінген кәмелетке толмаған баланы қағып, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Қайғылы жол апаты 26 мамыр күні Тәуелсіздік даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында болған. Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сүйенсек, көз жұмған бала елордалық мектептердің бірінде 5-сыныпта оқыған.

    Астана қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, Mercedes маркалы жүк көлігінің жүргізушісі велосипедпен жолды кесіп өтпек болған оқушыны қағып кеткен. Салдарынан жасөспірім ауыр жарақат алып, оқиға орнында жан тапсырған.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

    Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе мектеп маңы, тұрғын аймақтар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінде барынша мұқият болуға шақырды. Ведомство өкілдері рөлдегі бір сәттік салғырттық орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →