Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 15 шілде 2026 $ 475,2 541,3 6,20
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Орал-Атырау тас жолындағы апатты шұңқыр: Бөдене мен Жарсуат арасында көліктер жаппай зақымдануда Өлімге әкеледі: Министрлік күннің ыстығынан сақтануды ескертті Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі зейнеткер шұңқырға құлап, жарақат алды Қазақстанда креативті индустрия жаңа экономикалық драйверге айналып келеді «ХҚКО емес, халыққа қиянат көрсету орталығы»: Дәнекер Оразбай ашуға мінді Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ миссиясы аясында Ливанға аттанды Орал-Атырау тас жолындағы апатты шұңқыр: Бөдене мен Жарсуат арасында көліктер жаппай зақымдануда Өлімге әкеледі: Министрлік күннің ыстығынан сақтануды ескертті Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі зейнеткер шұңқырға құлап, жарақат алды Қазақстанда креативті индустрия жаңа экономикалық драйверге айналып келеді «ХҚКО емес, халыққа қиянат көрсету орталығы»: Дәнекер Оразбай ашуға мінді Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ миссиясы аясында Ливанға аттанды

    «Sim-картаңыз бен аккаунтыңызға сақ болыңыз»: полиция жасөспірімдерге ескерту жасады

    «Sim-картаңыз бен аккаунтыңызға сақ болыңыз»: полиция жасөспірімдерге ескерту жасады

    Фото: ашық дереккөз

    ІІМ әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттарды өзгелерге беру мәселесіне қатысты үндеу жасады. Алаяқтар жасөспірімдерден sim-карталары мен аккаунттарын алып, жымысқа мақсатта пайдаланып жүр. Полиция мұндай әрекеттер қылмысқа көмектесу ретінде қаралатынын ескертті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Кәмелетке толмағандар ақша алу үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы өзгелердің өтінішімен sim-карталарды іске қосып, оларды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге тіркеп, кейін басқа адамдарға беру жағдайлары анықталып отыр.

    «Қаскөйлер бұл аккаунттарды азаматтарға алаяқтық қоңыраулар жасау үшін пайдаланады. Әлеуметтік желілер мен  мессенджерлердегі аккаунттарды тіркеу және оларды бөгде адамдарға беру алаяқтық пен өзге де заңсыз әрекеттерді жасау құралына айналуы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұндай әрекеттер қылмыс жасауға жәрдемдесу ретінде қаралады», – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бейбіт Біржанов.

    ІІМ азаматтарды шығу тегі күмәнді sim-карталар мен құрылғыларды сатып алмауға және таратпауға; өз аккаунттарын үшінші тұлғалардың пайдалануына бермеуге; кәмелетке толмағандарға мұндай әрекеттердің жауапкершілігі мен салдарын түсіндіруге; абоненттік нөмірлерді мессенджерлерде тіркеп, кейін оларды бөгде адамдарға бермеуге; күдікті әрекеттер байқалса, құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады. Полиция цифрлық кеңістікте сақ болу керектігін кезекті рет ескертті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →