Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тоқаев көлік министрін ауыстырды: Әсел Жанасова вице-премьер де болды • Әсел Жанасова вице-премьер – көлік министрі болып тағайындалды • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тоқаев көлік министрін ауыстырды: Әсел Жанасова вице-премьер де болды • Әсел Жанасова вице-премьер – көлік министрі болып тағайындалды •

    Алматыда үшем дүниеге келді

    Алматыда үшем дүниеге келді

    Фото: pixabay

    Алматының № 2 қалалық перинаталдық орталығында  үшем қыз дүниеге келді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұған дейін ерлі-зайыпты екі бала тәрбиелеп отырған.

    Сәбилер жүктіліктің 35-аптасында 7 мамыр күні кесарь тілігі арқылы дүниеге келген. Жаңа туған нәрестелердің салмағы 1399, 1694 және 1677 грамм болған.

    Туғаннан кейін қыздар жаңа туған нәрестелердің жансақтау бөлімінде болып, үш күн бойы қажетті медициналық көмек пен СИПАП аппараты арқылы тыныс алды.

    Қазіргі уақытта балалар анасымен бірге бір палатаға ауыстырылған. Дәрігерлердің айтуынша, сәбилердің жағдайы тұрақты әрі олар мамандардың бақылауында.

    Жаңа туған сәбилердің анасы орталықтың медицина қызметкерлеріне көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғыс білдірді.

    «Медбикелер мен дәрігерлер әрдайым көмектесіп, қолдау көрсетеді. Бізге үлкен көңіл бөлді», — деді үшемнің анасы.

    Айта кетейік, 2026 жылдың басынан бері бұл №2 қалалық перинаталдық орталықта дүниеге келген алғашқы үшем. Бұған дейін орталықта 41 егіз жарық дүние есігін ашқан.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →