Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 15 шілде 2026 $ 475,2 541,3 6,20
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдырын шешті Қазақстан Президенті Қырғызстандағы жаңа елшіні қабылдады Астанада салынып жатқан ғимараттың шатырындағы өрт толық сөндірілді Алматыдағы резонанстық ЖКО бойынша блогер Молдаханға үкім шықты Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді Президент Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастыру барысымен танысты Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдырын шешті Қазақстан Президенті Қырғызстандағы жаңа елшіні қабылдады Астанада салынып жатқан ғимараттың шатырындағы өрт толық сөндірілді Алматыдағы резонанстық ЖКО бойынша блогер Молдаханға үкім шықты Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді Президент Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастыру барысымен танысты

    Тоқаев Түркістан облысы әкімі мен өңір тұрғындарына алғысын айтты

    Тоқаев Түркістан облысы әкімі мен өңір тұрғындарына алғысын айтты

    Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 мамыр күні Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымы бейресми саммитінің қорытындысы бойынша жиналыс өткізіп, маңызды халықаралық іс-шараға жан-жақты дайындалған облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен өңір тұрғындарына ризашылығын білдірді, деп хабарлайды qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды.

    Осы атқарылған жұмыстың арқасында түркі жұртының қасиетті қарашаңырағы саналатын Түркістан қаласы мәдени-гуманитарлық ықпалдастықтың әлеуетті орталығы ретінде ірі халықаралық іс-шараларды өткізуге әзір екенін көрсетті.

    Президенттің айтуынша, шет мемлекеттердің басшылары мен саммитке қатысушылар көлік жолдарының сапасына, жасыл желегі мол көшелердің, саябақтардың тазалығына жоғары баға берген.

    Мемлекет басшысы облыс және қала әкіміне еліміздің ғана емес, тұтас өңірдің жауһары – көне Түркістан шаһарын дамыту мен абаттандыру жұмыстарына айрықша мән беруді тапсырды.

    Сонымен қатар Президент Қазақстанның абырой-беделі үшін адал еңбек еткен әкімдік пен мемлекеттік мекемелердің, әскери және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, коммуналдық қызмет жұмысшыларын, еріктілерді, сондай-ақ басқа да белсенділерді мемлекеттік наградалармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттау туралы шешім қабылдағанын жеткізді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →