Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады Жезқазғанда аула қараусыз қалған: тұрғын асфальт пен жарық мәселесін көтерді Мүфтият Құран жарысынан бірінші орын алған жас қариге көлік мінгізді (ФОТО) Популистік ұраннан нақты нәтиже артық, реформалардың басты өлшемі бар — саясаттанушы «Димаш ән салған той»: Танымал блогер Дәмелінің қуанышынан жаңа кадрлар тарады (ВИДЕО) Жер сілкінісі кезінде баспана қираса, шығынды кім өтейді: сақтандыру ма, мемлекет көмегі ме? Тоқаев Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады Жезқазғанда аула қараусыз қалған: тұрғын асфальт пен жарық мәселесін көтерді Мүфтият Құран жарысынан бірінші орын алған жас қариге көлік мінгізді (ФОТО) Популистік ұраннан нақты нәтиже артық, реформалардың басты өлшемі бар — саясаттанушы «Димаш ән салған той»: Танымал блогер Дәмелінің қуанышынан жаңа кадрлар тарады (ВИДЕО) Жер сілкінісі кезінде баспана қираса, шығынды кім өтейді: сақтандыру ма, мемлекет көмегі ме?

    Тараздық талапкер ҰБТ-дан 140 балл еншіледі

    Тараздық талапкер ҰБТ-дан 140 балл еншіледі

    Фото: bil.taraz

    Тараздық талапкер Нұрқанат Қанат Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 ұпай жинады, деп хабарлайды qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Қуанышты хабарды түлек білім алатын “Білім-Инновация” лицейі мәлімдеді.

    “Бұл жетістік бір күннің нәтижесі емес. Бұған дейін Нұрқанат “XXI ғасыр көшбасшысы” зияткерлік байқауының жеңімпазы атанды. Оған қоса тарих пәні бойынша республикалық олимпиаданың үш дүркін алтын медаль иегері болды. Оның әрбір жетістігі мұғалімдердің еңбегі, жүйелі білім беру, ата-анасының қолдауы және оқушының зор талпынысының нәтижесі”, – деді лицей өкілдері.

    Нұрғанаттың өзі ҰБТ-дан жоғары балл жинау басты мақсаты болғанын айтты. Оның сөзінше, бұл нәтиже көп жылғы еңбектің, отбасы қолдауы мен ұстаздарының сенімінің жемісі.

    Digital Business мәліметінше, Нұрқанат Қанат ҰБТ-ға дайындалған JUZ40 білім беру орталығы оған жетістігі үшін үш сыйлықтың бірін таңдауды ұсынған. Атап айтқанда, бизнес-класс пәтер, Mercedes E-Class автокөлігі немесе 50 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы. Бұдан бөлек, білім беру орталығы талапкерге төрт жыл бойы ай сайын 140 мың теңге көлемінде шәкіртақы төлемек.

    Ал талапкердің ата-анасына 3 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады.
    Қазақстанда ҰБТ-ның негізгі кезеңі 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →