Сурет: kaztag.kz
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Астанаға ресми сапармен келді. Елорда әуежайында мәртебелі мейманды қазақ-түрік тілінде «Ата-баба жеріне қош келдіңіз!» деп айтқан балалар қарсы алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Түрік лидерінің борты Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өткен сәттен бастап елорда әуежайына қонғанға дейін оны Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің жойғыш ұшақтары сүйемелдеді. Ұшақ трапының жанында Құрмет қарауылы сап түзеді.
Салтанатты шара барысында әуежайдың ұшу-қону жолағының үстінен Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік туларын алып ұшқан тікұшақтар көрінді.
