Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрқожа Қайпанов бүгін Астанада әлем чемпионатының алтыны үшін күреседі • Қазақстан Кубогы: Алматы ерлері мен Қарағанды әйелдері жеңімпаз атанды • Қазақстандық жағажай волейболшылары Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасында екінші жеңіске жетті • Астанадағы Uly Dala Fest келушілері кезек пен концерттің кешігуіне шағымданды • Софья Самоделкина Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламада бесінші орында • Beeline интернетінің сапасына қатысты халық наразылығы күшейді • Нұрқожа Қайпанов бүгін Астанада әлем чемпионатының алтыны үшін күреседі • Қазақстан Кубогы: Алматы ерлері мен Қарағанды әйелдері жеңімпаз атанды • Қазақстандық жағажай волейболшылары Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасында екінші жеңіске жетті • Астанадағы Uly Dala Fest келушілері кезек пен концерттің кешігуіне шағымданды • Софья Самоделкина Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламада бесінші орында • Beeline интернетінің сапасына қатысты халық наразылығы күшейді •

    Мұғалімдердің жауапкершілігі нақтыланды: Мәжіліс маңызды заң жобасын мақұлдады

    Қазақстанда мұғалімдердің оқушы қауіпсіздігі үшін жауапкершілігін шектейтін заң қабылданды. Енді педагог тек мектеп ішіндегі жағдайларға жауап береді.

    Мұғалімдердің жауапкершілігі нақтыланды: Мәжіліс маңызды заң жобасын мақұлдады

    Сурет: arasha.kz

    Қазақстанда педагогтердің оқушы қауіпсіздігі үшін жауапкершілік аясы нақтыланды. Бұдан былай мұғалімдер баланың қауіпсіздігіне тек мектеп аумағында, сабақ уақытында және өз лауазымдық міндеттері шеңберінде ғана жауапты болады. «Педагог мәртебесі туралы» заңға тиісті түзетулерді көздейтін заң жобасын Мәжіліс мақұлдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Бұл ақпаратты Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Оның сөзінше, депутаттар әзірлеген құжат енді Сенаттың қарауына жіберілген. Бұл өзгеріс ұстаздарды өздеріне тән емес қызметтерден босатуға бағытталған.

    «Президент тамыз кеңесінде ұстаздардың жауапкершілігі тек оқу-тәрбие процесімен шектелуі тиіс екенін қадап айтқан болатын. «Педагог мәртебесі туралы» заңға осы маңызды өзгеріс қабылданып, біз әзірлеген заң жобасы Сенатқа жолданды», – деп жазды Асхат Аймағамбетов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →