Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасады Өскеменде 35 жастағы ер адам Ертіс өзенінің көпірінен секіріп кетті Apple 9 қыркүйекте жаңа iPhone-дарды таныстырады Түркістанда өгей әке келіні мен ұлын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасады Өскеменде 35 жастағы ер адам Ертіс өзенінің көпірінен секіріп кетті Apple 9 қыркүйекте жаңа iPhone-дарды таныстырады Түркістанда өгей әке келіні мен ұлын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді

    1,5 тонна прекурсор: Арыста ағайынды екі жігіт өмірлерінің соңына дейін түрмеде отырулары мүмкін

    1,5 тонна прекурсор: Арыста ағайынды екі жігіт өмірлерінің соңына дейін түрмеде отырулары мүмкін

    Фото: gov.kz

    Түркістан облысының Арыс қаласында есірткі зертханасы анықталды, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы.

    Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаланың шетінде орналасқан жеке тұрғын үйде ағайынды екі ер адамның синтетикалық есірткіні ірі көлемде заңсыз өндіруді ұйымдастырғаны белгілі болды.

    ІІМ мәліметінше, оқиға орнын тінту кезінде жарты тоннаға жуық сұйық мефедрон, 1,5 тонна прекурсор алынды. Оларға сараптама тағайындалды. Сондай-ақ реактор, колбалар, магниттік араластырғыш, канистрлер, пластикалық науалар және есірткі өндіру белгілері бар өзге де құрал-жабдықтар тәркіленді.

    «Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, оның санкциясы өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. ІІМ ескертеді: есірткі өндіруді жолға қоюға бағытталған кез келген әрекет қатаң түрде тоқтатылады. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →