Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тоқаев көлік министрін ауыстырды: Әсел Жанасова вице-премьер де болды • Әсел Жанасова вице-премьер – көлік министрі болып тағайындалды • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тоқаев көлік министрін ауыстырды: Әсел Жанасова вице-премьер де болды • Әсел Жанасова вице-премьер – көлік министрі болып тағайындалды •

    Маңғыстаудағы Ыбықты Сай шатқалына аты-жөнін жазған ер адам ұсталды

    Маңғыстаудағы Ыбықты Сай шатқалына аты-жөнін жазған ер адам ұсталды

    Фото: Lada.kz

    Маңғыстау облысында полицейлер Ыбықты Сай шатқалы аумағына жазу жазып кеткен ер адамды жауапкершілікке тартты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері белгісіз ер адамның өзінің аты-жөні мен автокөлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін жазып кеткен бейнежазбаны анықтады.

    «Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде құқық бұзушының кім екені анықталды. Ол — 2005 жылы туған азамат. Ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды», — дейді полиция.

    Іс материалы процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Сонымен қатар құқық бұзушы жазған жазуларын өшіріп, аумақты бастапқы қалпына келтірді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →