Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Көкшетауда аулаға кірген көлік әйелді басып кетті

    Көкшетауда аулаға кірген көлік әйелді басып кетті

    Фото: Видеодан скрин

    Көкшетауда тұрғын үй ауласына кіріп келе жатқан көлік жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.  

    Оқиға 9 мамыр күні болған. Бақылау камерасындағы кадрларда ақ түсті кроссовердің аулаға бұрылып кірген сәті, артынша жаяу адамды қағып кеткені көрінеді.

    Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көз жұмған әйел 12 жастағы баланы тәрбиелеп отырған.

    Тұрғындар бұл аулада қауіпсіздік мәселесі бұрыннан көтеріліп келе жатқанын айтады. Олардың сөзінше, ауладағы екі кіреберістің бірі жабылғаннан кейін барлық көлік бір жолмен қатынай бастаған. Соған байланысты тұрғындар бірнеше рет шара қабылдауды сұраған.

    Ақмола облысы полиция департаменті жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір тергеу жүргізіліп, апаттың барлық мән-жайы анықталып жатыр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →