«Небәрі 33 жаста»: Қазақ жігіті Лондонның беделді ауданына мэр болып сайланды

Фото: QazaqToday.info  

33 жастағы қазақ жігіті Санжар Әбішев Лондонның тарихи орталығында орналасқан беделді Сент-Джеймс (St. James’s) ауданының мэрі болып сайланды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Бұл қуанышты жаңалықты танымал кәсіпкер Қанат Көпбаев  өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Қазақ жігіт Лондондағы St. James ауданының мэры болып сайланды! Менің ескі досым, кәсіпкер Азат Абишевтың ұлы Санжар небәрі 33 жаста. Лондондағы атақты Malvern коллежін, сосын университет бітіріп, енді қалалық Westminster City council атқарушы органына мүше болып енді. Консервативті партия өкілі ретінде, бас бәсекелес лейбористерден 350 дауысқа озып шықтық. Құтты болсын Санжар Азатұлы, үлкен саяси шыңдардан көріне бер!», –  деп жазды ол.

Айта кетейік, Санжар Әбішев Ұлыбританияда мектеп жасынан тұрады және кәсіпкерлікпен айналысады.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика