Тоқаев пен Путин Мәскеуде кездесті: қандай мәселелер талқыланды?

Тоқаев пен Путин Мәскеуде кездесті: қандай мәселелер талқыланды?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді. Кездесу барысында екіжақты күн тәртібіндегі ауқымды мәселелер талқыланып, ресейлік көшбасшының Қазақстанға жасайтын мемлекеттік сапарына ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге дәстүрлі жылы қабылдауы үшін алғыс айтып, оны және барша ресейліктерді Ұлы Жеңістің 81 жылдығымен құттықтады. «Бұл – көзімізге жас алатын мереке. Біз адамзат тарихындағы ең қанды соғыстың қаһармандарын ардақтаймыз. Қазақстанда сол соғыстың көзін көрген небәрі 57 майдангер қалды», – деді Мемлекет басшысы.

Президент екі ел арасындағы ынтымақтастықтың барлық бағыт бойынша қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, соңғы 5 жылда Ресей Қазақстан экономикасына негізгі инвесторлардың бірі болды, ал сауда-саттық көлемі биыл 30 млрд доллар межесінен асады деп болжануда. Сондай-ақ білім беру, туризм саласындағы гуманитарлық байланыстардың маңыздылығы айтылды.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес саммитінің сәтті өтетініне және Ресей Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапарының саяси әрі тарихи маңызы зор оқиға болатынына сенім білдірді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика