Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойында АБК тобы қайта бас қосты • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойында АБК тобы қайта бас қосты • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді •

    Қостанайда құбыр жарылып, су фонтаны көпқабатты үй биіктігіне жетті

    Қостанайда гидравликалық сынақ кезінде жылу құбыры жарылып, су көпқабатты үйдің биіктігіне дейін атқылады. Әкімдік бұл жоспарлы тексеріс екенін хабарлады.

    Қостанайда құбыр жарылып, су фонтаны көпқабатты үй биіктігіне жетті

    Қостанай қаласында жылу желісін тексеру кезінде құбыр жарылып, су көпқабатты үйдің биіктігіне дейін атқылады. Куәгерлер түсірген оқиға видеосы әлеуметтік желіде тарады деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Қалалық әкімдіктің мәліметінше, оқыс оқиға Чкалов көшесінде гидравликалық сынақтар жүргізу барысында болған. Магистральдық жылу желісі зақымданып, жылу камерасының люгі арқылы жүйедегі су сыртқа шыққан.

    Мұндай тексеріс шаралары алдағы жылыту маусымына дайындық аясында ескірген және әлсіз құбырларды анықтау үшін қажет. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта мамандар апат салдарын жою жұмыстарын бастады, ақау шыққан аумақ қоршауға алынды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →