Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Алматыда екі жасөспірімнің өлімі: Полиция «Адам өлтіру» бабымен іс қозғады

    Алматыда екі жасөспірім пышақ жарақатынан көз жұмды. Полиция «Адам өлтіру» бабымен іс қозғап, оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 12 адамды ұстады.

    Алматыда екі жасөспірімнің өлімі: Полиция «Адам өлтіру» бабымен іс қозғады

    Сурет: kz.kursiv.media

    Алматы қаласының Алатау ауданында екі жасөспірім – Дінмұхамед Есенгелді мен Ешім Қасымбек пышақ жарақатынан қаза тапты. Аталған факті бойынша полиция департаменті «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғап, 12 адамды қамауға алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Қайғылы оқиға 30 сәуір күні болған. Марқұм Дінмұхамед Есенгелдінің анасы Гүлнұр Абдрасилованың айтуынша, 17 жастағы ұлы достарына баратынын айтып үйден шығып, қайта оралмаған. Анасы ұлының жүрегіне, бүйрегіне және арқасына бірнеше рет пышақ салынғанын айтады. Сондай-ақ ол бұған дейін белгісіз біреулердің ұлынан ақша бопсалап жүргенін және оқиғаға бір қыздың қатысы болуы мүмкін екенін жеткізді.

    Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, Дінмұхамед досымен бірге шабуылдаушылардан қашып, жолдағы үйлердің бірін паналамақ болған. Алайда ол көп қан жоғалтып, сол жерде есінен танған. Үй иесінің айтуынша, түнгі сағат екі шамасында жедел жәрдем бір жасөспірімді алып кетсе, екіншісін полиция қызметкерлері сол жерде тергеген. Ауладағы қан ізі екі күн бойы жатқаны да айтылды.

    Қаза тапқан екінші жасөспірім – Ешім Қалдыбай. Оның әкесі Әнуар Қалдыбаев істің ақ-қарасы анықталғанша, тергеу нәтижесін күтетінін мәлімдеді. Алматы қалалық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы («Адам өлтіру») және 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады. Тергеу барысы қатаң бақылауға алынған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →