Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Атбасар колониясындағы азаптау ісі: 12 қызметкерге жаңа айып тағылды

    Атбасар колониясындағы азаптау ісі бойынша айыпталған 12 қызметкерге енді «билікті асыра пайдалану» бабымен жаңа айып тағылды. Іс Атбасар аудандық сотына берілді.

    Атбасар колониясындағы азаптау ісі: 12 қызметкерге жаңа айып тағылды

    Сурет: kaztag.kz

    Ақмола облысындағы Атбасар колониясының азаптау ісі бойынша айыпталған 12 қызметкеріне қатысты жаңа айып тағылды. Енді оларға билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану бабы бойынша іс қозғалды, осыған байланысты қылмыстық іс Атбасар аудандық сотының қарауына жіберілді деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Ақмола облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 4 мамырда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот прокурордың өтінішхатын қанағаттандырған. Сот талқылауы барысында прокурор жаңа айыптау актісін ұсынып, онда 12 сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 1-бөлігі (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша айып тағылғанын мәлімдеді. Осыған орай, прокурор істі соттылығына қарай Атбасар аудандық сотына жолдауды сұраған.

    Жаңадан тағылған қылмыстық құқық бұзушылық ауырлығы орташа қылмыстар санатына жатады және алқабилердің қатысуымен қаралатын істерге кірмейді. Қылмыстың жасалған орны – Атбасар қаласындағы ҚАЖК мекемесі. Осы мән-жайларды ескере отырып, қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Атбасар аудандық сотына жіберілді. Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.

    Еске сала кетейік, бұл іс 2023 жылдың күзінде сотталған белсенді Тимур Данебаевты азаптау туралы видео тарағаннан кейін үлкен қоғамдық резонанс тудырған болатын. Содан бері іс бірнеше рет сотта қаралып, алқабилер соты айыпталушыларды екі рет ақтаған. Алайда прокуратураның наразылығынан кейін ақтау үкімдерінің күші жойылып, іс қайта қарауға жіберіліп келді. Іс бойынша 44 сотталушы жәбірленуші деп танылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →