Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Емханаға жету мұң болды»: Ақмола облысының ауыл тұрғындары балшыққа батып, биліктен жол сұрап отыр • Қазақстан экономикасының 10 айдағы өсімі 4,5% болды • Татьяна Тарасова ауруханада жатыр — туысы хабарлады • Қар мен көктайғақ: Қазақстанның 10 облысында жолға шығу қауіпті • «Қазақмыс» «Жомарт» кенішін заманауи Epiroc бұрғылау қондырғысымен жабдықтады • Шашынан сүйреп, қылқындырған: әйеліне күш көрсеткен ақтөбелік босатылды • «Емханаға жету мұң болды»: Ақмола облысының ауыл тұрғындары балшыққа батып, биліктен жол сұрап отыр • Қазақстан экономикасының 10 айдағы өсімі 4,5% болды • Татьяна Тарасова ауруханада жатыр — туысы хабарлады • Қар мен көктайғақ: Қазақстанның 10 облысында жолға шығу қауіпті • «Қазақмыс» «Жомарт» кенішін заманауи Epiroc бұрғылау қондырғысымен жабдықтады • Шашынан сүйреп, қылқындырған: әйеліне күш көрсеткен ақтөбелік босатылды •

    «Жай концерт емес»: Баян Алагөзова құны 1 млрд болатын шоу жасамақ (ВИДЕО)

    «Жай концерт емес»: Баян Алагөзова құны 1 млрд болатын шоу жасамақ (ВИДЕО)

    Танымал продюсер Баян Мақсатқызы «КешYOU» тобының 20 жылдығына орай ауқымды концерт ұйымдастыруға дайындалып жатыр. Бұл туралы әлеуметтік желіде тараған мәліметтерге сүйенсек, мерейтойлық шоу Алматыдағы Орталық стадионда өтпек. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Жоба аясында сахнада топтың барлық хит әндері орындалып, әр кезеңдегі солистер қатысатын үлкен шоу жоспарланған. Ұйымдастырушылар концерттің тек музыкалық кеш емес, топтың 20 жылдық тарихын қамтитын ерекше қойылым болатынын атап өткен.

    Айта кетейік, «КешYOU» – 2006 жылдан бері қазақстандық шоу-бизнесте өзіндік орны бар танымал қыздар тобы. Ұжым мерейтойына орай бұған дейін деректі фильм де ұсынып, жанкүйерлер арасында қызу талқыға түскен еді.

    Сондай-ақ желіде Баян Мақсатқызы бұл концертке шамамен 1 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсап жатқанын айтқаны тарады. Продюсердің айтуынша, бұл жоба – жай концерт емес, «жалғасып жатқан тарихтың бір бөлігі» болмақ. Концерт 29 мамыр күні өтеді деп жоспарланып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →