Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасады Өскеменде 35 жастағы ер адам Ертіс өзенінің көпірінен секіріп кетті Apple 9 қыркүйекте жаңа iPhone-дарды таныстырады Түркістанда өгей әке келіні мен ұлын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасады Өскеменде 35 жастағы ер адам Ертіс өзенінің көпірінен секіріп кетті Apple 9 қыркүйекте жаңа iPhone-дарды таныстырады Түркістанда өгей әке келіні мен ұлын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді

    «Табысын жасырып, соттасып жүр»: Тамара Асардың күйеуіне қатысты жағымсыз ақпарат тарады

    «Табысын жасырып, соттасып жүр»: Тамара Асардың күйеуіне қатысты жағымсыз ақпарат тарады

    Фото: qazaqtoday

    Әнші Тамара Асардың қазіргі күйеуі Бекмырза Жұмаш Айтжанұлына қатысты дау шықты. Оның бұрынғы әйелі әлеуметтік желіде жазба жариялап, жайсыз жайтты жайып салды, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы.

    «Бір әке бұрынғы некеден туған балаларына қамқор болып, қызметкерлеріне пәтер сыйлап жатса, енді бір әке кәмелетке толмаған балаларының оқу ақысын төлеуден бас тартып, табысын жасырып, соттасып жүр. «Завод Астық» кәсіпорны 2012 жылы іргетасы қаланып, 2014 жылы ашылды. Сол кезде Жүсіпбеков Жұмабек Айтжанович (қазіргі Бекмырза Жұмаш Айтжанұлы) менімен заңды некеде болатын. Алайда сегіз жылдан кейін ол басқа әйелге кетіп, бүкіл бизнесті өзімен бірге алып кетті.

    Менің некемде ол осы бизнесті құрды, марқұм некесіз туған ұлына өз тегін берді, мен оны 11 жастан 18 жасқа дейін тәрбиеледім, екінші некесінен туған үлкен қызын қамтамасыз етті. Ал қазір ол аты-жөнін өзгертіп, біздің ортақ балаларымызбен мүлде араласпайды. Балаларына білім, медицина және басқа да қажеттіліктер үшін ешқандай көмек көрсетпейді.

    Ажырасуға өзі арыз беріп, мені 40 жасқа таяғанда табыссыз қалдырды. Зауыттағы жалақымды алиментке алмастырды, бірақ ол қаражат балаларға лайықты білім алуға жетпейді. Балалар әкесінің осы зауыттан түсетін табысына сай алимент алуға толық құқылы», – деп жазды ол.

    Ол бұл жағдай әйелдің ер азаматын қалай қолдай алатынын немесе керісінше оның беделіне қалай әсер ететінін көрсететінін атап өтті.

    «Маған бұл туралы айту ұят емес – керісінше, өздерін үлгілі етіп көрсететін, бірақ шын мәнінде балаларына жеткілікті көңіл бөлмейтін отбасы ұялуы керек.

    Олар шетелде демалып, қажылыққа барып, қымбат киімдер мен көліктер алады, мейрамханаларда тамақтанады. Бірақ бұл – менің балаларымның ақшасы. Өз балаларыңның бақытын басқа балалардың есебінен құра алмайсың.

    Сондай-ақ Тұрсынғали Алагөзовтің «200 мың теңгеге өмір сүрудің қаншалықты қиын екенін білемін» деген сөздері маған ұнайды. Мұны жалғыз емес, баласымен бірге осындай қаражатқа өмір сүріп жатқан аналар жақсы түсінеді», – деп жазды ол.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →