Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Павлодарда адамдарды Ресейге жүк көлігімен заңсыз тасымалдаған өзбекстандық ұсталды

    Павлодар облысында Өзбекстан азаматтарын жүк көлігінің жасырын қуысымен Ресейге заңсыз тасымалдау арнасының жолы кесілді. Күдікті ұсталып, тергеу жүріп жатыр.

    Павлодарда адамдарды Ресейге жүк көлігімен заңсыз тасымалдаған өзбекстандық ұсталды

    Павлодар облысында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді. Өз отандастарын жүк көлігінің жасырын қуысына тығып, Ресейге заңсыз өткізбек болған Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Күдікті қылмыстық әрекетін жүзеге асыру үшін MAN маркалы жүк көлігін пайдаланған. Жедел уәкілдер көлікті тексеру кезінде адамдарды жасырын тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған орынды анықтады. Көлік құралы тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды.

    Павлодар облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжановтың мәліметінше, аталған дерек бойынша «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайын анықтау және күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеру бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →