Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Қор биржасында доллар қайта күш алып келеді

    Қор биржасында доллар қайта күш алып келеді

    Фото: Pixabay

    Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,14 теңгеге өсіп, 462,91 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 461,55 теңге.

    Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

    — доллар 458,84 теңгеден сатып алынады, 465,84 теңгеден сатылады;
    — еуро: сатып алу — 536,85 теңге, сату — 546,85 теңге;
    — рубль: сатып алу — 5,89 теңге, сату — 6,20 теңге.
    — юань: сатып алу — 67,18 теңге, сату — 73,02 теңге.

    Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 461,00 теңгеден сатып алынады, 463,34 теңгеден сатылады. Еуро 541,00 — 546,23 теңге, ал рубль 5,96 — 6,09 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,30 теңгеден сатып алынады, 70,21 теңгеден сатылады.

    Еске салайық, 29 сәуір күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,19 теңгеге өсіп, 461,55 теңге болды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →