«Ай сайын 1 миллион беремін»: Баян Алагөзова «Қыз Жібекке» құрмет көрсетті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Танымал продюсер Баян Алагөзова мен күйеуі Тұрсын Алагөзов қазақ өнерінің аңызы, қазақтың Қыз Жібегі Меруерт Өтекешоваға ай сайын қомақты сыйақы төлеп тұратынын айтты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

«Қыз Жібектің жыр болған камзолы әлі де менде. Құзырлы органдар ала ма, жоқ па маған аса маңызы жоқ. Бірақ мен оны күнде киемін, шешемін, қаласам тағы киемін. Бастысы ол менде. Бұл нағыз қазақтың жәдігері. Ол дәл қазір менің қолымда болғанына қуаныштымын. Ерте ме, кеш пе бұл қамзол ұлттық мұражайға қойылады. Менің айтқым келгені бұл емес, мен Меруерт апайға өз атымнан аз да болса сыйлық жасағым келеді. Қазір ол кісі Астанада, мен Алматыда тұратындықтан, жұмыстың көп болуына байланысты бара алмай жатырмын. Бірақ мен Қазақтың Қыз Жібегіне құндыз тон сыйға тартқым келеді. Сондай-ақ, күйеуім екеуміздің атынан өмір бойына, ай сайын берілетін 1 млн теңге көлемінде сыйақы тағайындағымыз келеді. Бұл сіздің қазақ өнеріне қосқан өнеріңіздің бағасы деп біліңіз», деді Баян Алагөзова.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика