Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    «Қазақмыс» 2060 стратегиясында Жыланды мен Нұрқазғанға басымдық берді

    «Қазақмыс» 2060 стратегиясында Жыланды мен Нұрқазғанға басымдық берді

    Фото: Қазақмыс

    «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының тау-кен ісі және байыту жөніндегі орынбасары Саят Бакиров компанияның 2060 жылға дейінгі тау-кен байыту кешенін дамыту стратегиясын талқылау үшін Тау-кен өндірісі (ТКӨ) бас директорларының қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Отырыс барысында компанияның өндірістік бөлімшелері алдағы онжылдықтарға арналған өндірудің күнтізбелік жоспарын талқылады. Осының негізінде өндірістік инфрақұрылым салу мен жаңғыртуға инвестиция тартуды, сондай-ақ тау-кен-шахта жабдығын жаңарту мен ауыстыруды қамтитын қаржыландыру бағдарламасы қалыптасады.

    Кеңеске қатысушылар басым бағыттардың қатарында мыс-шикізат қорын толықтыру мақсатында Q.I.Satbaev atyndagy Jezqazgan ТКӨ Жезқазған кен орнында (114 келісімшарт) геологиялық барлау жұмысын жүргізу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ өндіру көлемін қамтамасыз ету үшін «Жыланды» кенішінде өндірістік нысандар салу және оны жабдықтау жұмысын жалғастыру қажет.

    Qaragayly ТКӨ бойынша кен игеру ісіне «Құсмұрын» кен орны қосымша тартылуда. Бұл Қарағайлы байыту фабрикасын шикізатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Нұрқазған ТКӨ құрамындағы Нұрқазған байыту фабрикасын жаңғыртуға ерекше назар аударылды. Жоспарға сәйкес, кәсіпорын 2029 жылға қарай жылына 4,5 млн тоннаға дейін шикізат өңдеу деңгейіне шығуы тиіс. Қазіргі таңда фабриканың көрсеткіші жылына шамамен 4 млн тоннаны құрайды.

    Стратегиялық жоспар барланған кен қоры негізінде қалыптасуда. Алайда оны іске асыру барысында шикізат көлемі мен ондағы пайдалы компоненттердің құрамын нақтылау қажет болады. Осыған байланысты жаңа дерек анықталған сайын бағдарламаға түзету енгізіліп отырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →